Оны іздеуге АҚШ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия және Жаңа Зеландияның 12 ұшағы мен екі кемесі қатыстырылды.
АП мәліметтеріне қарағанда, іздеу шаралары Үнді мұхитының бірнеше ауданында 80 мың шаршы метр алаңда жүргізілмек.
«Әлі күнге дейін мұхиттың қай ауданына құлауы ықтимал екендігін біле алмай отырмыз», деді Австралия қорғаныс министрінің орынбасары Марк Бинскин.
Өз тарапынан Австралия премьер-министрі Тони Эббот ұшақты табуға үміт сәулесі жоғалғанша іздеу жұмыстары тоқтатылмайды, деп уәде етті.
Алдында Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разак атап өткендей, жаңа талдауларға қарағанда, жоғалып кеткен "Боинг" Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде қираған. Малайзия билігінің пікірінше, жолаушылардың және экипаж мүшелерінің ешқайсысы аман қалмаған.
"Боинг-777" бортында 239 адам болған. Malaysia Airlines арадағы байланыс 8-наурыз күні үзілген, онда лайнер Оңтүстік-Қытай теңізінің үстімен ұшып бара жатқан.