Малды қораға кіріп ұрлағандар 10 жылға сотталады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Малды қораға кіріп ұрлағандар 10 жылға сотталады

Малды қораға кіріп ұрлағандар 10 жылға сотталады

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жаңа заң жобасына "мал ұрлығы" деген бөлек бап енгізілгенін айтты.

  • 26 Желтоқсан 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

"ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталатын заң жобасы екі оқылымда мақұлданды.

Біріншіден, мал ұрлығы деген жеке бап енгізілмек. Ол қылмыс үшін басқа ұрлық түрлеріне қарағанда жаза қатал болмақ. Жалпы, бұл норманың маңызы зор. Төрт түлікке қол сұғу – ауыл адамын күнкөріс көзінен айырумен бірдей. Осыған тосқауыл керек. Қазір мал ұрлау кәсіпке айналған. Оны көбінесе топ болып, алдын ала сөз байласып, қора-жайға бұзып кіріп жасайды, — деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, мұндай ұрлықта ұйымдастырушы, қасапшы, тасымалдаушы, жалған құжат жасайтындар, базарда алыпсатарлар болады. 

Өкінішке қарай, бұл қылмысқа қамқоршылық жасайтын шенеуніктер мен құқық қорғау органдары да бар. Осының бәрі жүйелі жолға қойылған қылмыс болып кетті. Енді бұл санатта теріс қылық пен орташа ауыр қылмыс деген болмайды. Заң жобасында жай құрам үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру ескерілген. Егер топ болып алдын ала сөз байласып, ірі мөлшерде ұрлық жасаса — 7 жылға дейін сотталады. Бірнеше рет мал қораға, қоймаға бұзып кіргені үшін — 10 жыл. Аса ірі көлемде және қылмыстық топ болып ұрлық жасаса, 12 жыл бас бостандығынан айыру көзделген, — дейді бас прокурордың орынбасары.


Соңғы жаңалықтар