Жарияланды: 50

Маман ерлі-зайыптының бір-бірінің көзіне шөп салғанын қалай білуге болатынын айтты

Маман ерлі-зайыптының бір-бірінің көзіне шөп салғанын қалай білуге болатынын айтты

Детективтің айтуынша, сүйіктісіне опасыздық жасаған адам бірден өзгеріп шыға келеді.

Австралияның Сидней қаласында тұратын жеке детектив ерлі-зайыптылардың опасыздық жасағанын көрсететін алғашқы белгілерді атады.

Детективтің айтуынша, сүйіктісіне опасыздық жасаған адамның мінез-қылығы мен жүріс-тұрысы бірден өзгеріп кетеді, деп хабарлайды Daily Mail.

"Егер сүйіктісіңіз қолынан телефонын тастамай, СМС-хаттарды ешкім оқып қоймас үшін экранын төмен қаратып қойса, абай болғаныңыз абзал", - дейді детектив.

Маман опасыздық жасаған ерлі-зайыптыларды үйінің немесе жұмысының алдында сағаттап күтетін кездері болады екен. Алайда, оның айтуынша, әйелдер күйеуінің көзіне шөп салғанына көп жағдайда сене бермейді. Тіпті дәлел ретінде жиналған суреттер мен бейнежазбаларды көрсе де, сенуден бас тартады екен.

"Мұндай кезде қолдан ештеңе келмейді. Менің жұмысым шындыққа көз жеткізу, сендіру емес", - дейді детектив.

Бұған дейін ғалымдар қандай адамның көзге шөп салуға бейім тұратынын анықтаған еді. Зерттеу қорытындысы импульсивті адамдардың эмоцияға беріліп кетіп, көзге шөп салатынын көрсетті. Сондай-ақ, зерттеушілердің айтуынша, өткен өмірінде төсектес серігі көп болған адам сүйіктісіне адалдық танытпай, басқаға көз сүзуі мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін