Айта кетейік, аталмыш жоба арнамызда биыл ғана бастау алған болатын. Іріктеуден өткен 16 бойжеткен аналарымен қоса біраз сынға түсіп, қызықты сәттерді бастан өткерген еді. Дәлірек айтсақ, «Мамма мия» реалити-шоу форматында болғандықтан аналары қауіпті аймаққа түскен әнші қыздары үшін бәрін жасауға тырысып бақты. 1-ші маусым финалы ойдағыдай Түркияда қорытындыланып, 1 жарым млн теңге жеңімпаз Роза Саметоваға бұйырды. Ал 2-ші маусым одан да ауқымды болады деп күтеді шығармашылық топ. Іріктеу КТК арнасында өтетінін айта кетейік.
Наталья Крылова, КТК телеарнасы Бағдарламалар дирекциясының директоры:
— Шын мәнінде «Мамма мия» жобасы көрермендер көңілінен осыншама орын алады деп күтпедік. Міне, «жүзден жүйрік» қыздарымызды іріктеп финалда құттықтағанымыз кеше ғана еді, енді бүгін 2-ші маусымды бастағалы отырмыз. Байқауға қызығушылық танытқандар болса, толық ақпаратты сайттан біле аласыздар!