МӘМС. Жаңа ереже. Кімдер көп төлейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 502.83
  • 545.37
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
МӘМС. Жаңа ереже. Кімдер көп төлейді?

МӘМС. Жаңа ереже. Кімдер көп төлейді?

Мәжілістің қарауына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы келіп түсті

  • 13 Наурыз
  • 8
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Айта кетерлігі, заң жобасы Үкіметтің бастамасымен әзірленген.

Біріншіден, ККТМК (кепілді көлемдегі тегін медициналық көмек – ред.) пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни 57 пайыздан 32 пайызға дейін қысқарту, сәйкесінше МӘМС пакетін 68 пайызға дейін ұлғайту, екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғары шегін 10 еселенген ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру, үшіншіден жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл ауқаты дағдарыстық деңгейге жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлеу көзделіп отыр, — деді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды дайындайды.