«Айдың орташа температурасы 16 градус болады деп күтіліп отыр», — деп хабарлады гидрометеорологиялық орталық директоры Светлана Аманқұлова.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, мамыр айының алғашқы онкүндігінде ауа температурасы түнде 5-10 градустан 15-20 градус жылылыққа дейін, ал күндіз 23-28 градустан 28-33 градусқа дейін болады.
Ал екінші онкүндікте синоптиктер ауа температурасы түнде 11-16-дан 3-8-ге дейін, күндіз 24-29-дан 15-20-ға дейін болады деп болжайды.
Үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін, күндіз 17-22 градусқа дейін салқындап, кейін түнде 10-15, күндіз 22-27 градусқа дейін жылынады деп күтіліп отыр.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бір айда жауатын жауын-шашын мөлшері норма шегінде болады деп күтіліп отыр (норма — 106 мм). «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйенсек, арасында нөсер жаңбырлар да болуы мүмкін. Ай соңында бұршақ жаууы да ықтимал.
Орталық сондай-ақ, мамыр айының бірінші онкүндігінің ортасында солтүстік-батыс бағытқа ауысатын оңтүстік-батыс желінің секундына 5-10 метрге, екінші онкүндіктің ортасында солтүстік-шығыс бағыттағы секундына 5-10 метрге, үшінші онкүндіктің басында батыс бағыттағы секундына 5-10 метрге дейін күшеюі ғажап емес екендігін хабарлайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті