«Бұл тасымалдауды ұйымдастыру сапасына оң ықпалын тигізеді. Автобус паркі 65 пайызға жаңартылды, бұл ретте жаңа автобустар ақпараттандыру, ауа баптау, жылыту, бейнебақылау жүйелерімен, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға және балаларға арналған арбалармен жүретін ата-аналар үшін пандустармен жабдықталған», — деді әкім.
Әкімдік мәліметіне қарағанда, 2015 жылы 27 жабық аялдама павильоны орнатылды, биыл осындай 55 аялдама орнатылады. Жазда «жылы» аялдамаларда қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін, керісінше, ауабаптағыштар жұмыс істейтін болады.