Жарияланды: 400

Мамыр айында еліміздегі ақшалай қаржының көлемі 1,6%-ға артты

Мамыр айында еліміздегі ақшалай қаржының көлемі 1,6%-ға артып, Т1,143 трлн құрады. Дүйсенбі күні ҚР Ұлттық банкінің сайтында осындай ақпарат жарияланды.

Ақшалай қаржы мен ликвидті теңге депозиттерінен құралатын М1 агрегаты мамырда 0,8%-ға артып, Т3,519 трлн құрады. Ақшалай қаржы мен теңге және ликвидті валюталық депозиттерден құралатын М2 индикаторы мамырда 0,6%-ға төмендеп, Т7,209 трлн құрады. Еліміздегі ақша массасы немесе экономикадағы қаржы мамырда 0,5%-ға азайып, Т8,968 трлн құрады. Ақша базасы немесе ҚР Ұлттық банкінің ақшасы мамырда 2,2%-ға азайып, Т2,843 трлн құрады. Тар мағынада ақша базасы 1,8%-ға азайып, Т2,308 трлнқұрады. ҚР Ұлттық банкінің есепшоттарындағы екінші деңгейлі банктердің депозиттері мамырда 5,2%-ға азайып, Т1,541 трлнқұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін