0,7%, өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 17,8% қымбаттаған.
Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, мамыр айында өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 0,6% (2013 жылдың мамырымен салыстырғанда 18,5%), өндірістік сипаттағы қызмет құны – 0,9% (9,3%) қымбаттапты.
Мамандардың дерегіне сүйенсек, өткен айда тау-кен өндірісі саласында баға 0,8%, өңдеу өнеркәсібінде 0,5% артқан.
Мамыр айында бензин 0,7%, мұнай 0,6% қымбаттаса, металл руда және табиғи газ 0,3%, пропан мен бутан 2,7%, мазут 0,2% арзандаған.
Темір қорытпасы 3,9%, қара металл мен қорғасын жаймасы 3,3%, өңделмеген алюминий 2,4%, мырыш бағасы 1,3% қымбаттаса, бағалы металдар 3,3%, мыс 1,2% төмендеген.
Сонымен қатар, күріш 4,5%, қант 2,6%, қарақұмық жармасы 2,5%, макарон өнімдері 2,1%, ет 1,8%, шай 1,5%, бидай ұны 1,4%, нан 1,3%, құс еті 0,7% қымбаттады.