Мамыр айында Қазақстан халқының саны 20 мың 200 адамға көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айында Қазақстан халқының саны 20 мың 200 адамға көбейді

Мамыр айында Қазақстан халқының саны 20 мың 200 адамға көбейді

Мамыр айында Қазақстан халқының саны 200 мың 200 адамға көбейіп, 2014 жылдың 1-сәуірінде 17 млн 264 мың 600-ге жетті.

  • 15 Шiлде 2014
  • 840
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік статистика мамандарының пікірінше, мамырда табиғи өсім – 51 мың 122 адамды, ал 2014 жылдың қаңтар-мамыры аралығында – 104 мың 369 адам (2013 жылдың қаңтар-мамырында 99 мың 188 адам).

Демографиялық ахуалға қатысты уақытша көрсеткіштер мынадай: туылған бала саны – 32 мың 18 және 160 мың 166, өлім-жітім — 10 мың 896 және 55 мың 797 адам.

Агенттіктің хабарлауынша, 2014 жылдың мамыр айында республикамызда 9 мың 222 неке қиылса, жалпы қаңтар-мамыр аралығында — 53 мың 373 отау тігіліпті (2013 жылдың дәл осындай кезеңінде 56 мың 746 отбасы).

Сонымен қатар, мамыр айында 4 мың 185 неке бұзылған. Ал, жалпы, өткен жылдың бастапқы бес айында 20 мың 631 отбасы ажырасқан (11 мың 613).


Статистика мамандарының дерегіне сүйенсек, қаңтар-мамыр аралығында Қазақстаннан 147 мың 318 адам (113 мың 444) көшіп кеткен, керісінше, елге қоныс аударғандар саны 146 мың 759 адам (115 мың 44).

Көші-қонның оң сальдосы – 559 адам.