Мамыр айының соңында суға кеткен екі адамның денелері табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айының соңында суға кеткен екі адамның денелері табылды

Мамыр айының соңында суға кеткен екі адамның денелері табылды

Қарағанды облысы Абай ауданы Шерубай-Нұра су қоймасында балық аулап жүрген 1967 жылы туған азамат Ю.Чернов суға батып кеткен.

  • 4 Маусым 2014
  • 402
Фото - Caravan.kz


Оқиға 25 мамыр күні күндізгі сағат 2-лер шамасында орын алған. Балықшының денесін Қарағанды облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері 3 маусым күні таңертең тауып, судан шығарып алған.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Жүзімдік ауылында 31 мамыр күні 5 жасар А.Жолбарыс Солтүстік Ташкент каналына абайсызда құлап кеткен. Кешке кешкі сағат 6 жарымдар шамасында ОҚО ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері баланың мүрдесін тауып, судан шығарып алды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.