Мамырдан бастап мобильді аударымдар тексеріледі: Кімдер назарға ілінеді  - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамырдан бастап мобильді аударымдар тексеріледі: Кімдер назарға ілінеді 

Мамырдан бастап мобильді аударымдар тексеріледі: Кімдер назарға ілінеді 

Салық органдары аударымдар бойынша мәліметтерді банктерден алып, сүзгіден өткізіп жатыр.

  • 4 Мамыр
  • 3
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Нақты кімнің мобильді аударымдары салық органдарының бақылауына ілінеді? Қандай жағдайда банктер азаматтардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынады? Мемлекеттік кірістер комитеті нақты жауап берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мобильді аударымдар бойынша барлық дерек банктерден толық жиналғанын мәлімдеген болатын.

Қазір салық органдары оларды өңдеп, талдап жатыр. Әзірге нақты қандай санаттар анықталатыны белгісіз, өйткені әр азаматтың мәртебесі жеке қарастырылады. Сондай-ақ деректер бірнеше банктен түсуі мүмкін болғандықтан, ол0арды біріктіріп, қайталанған ақпараттар сүзгіден өткізіліп жатыр.

Алғашқы ескертулер мен хабарламалар азаматтарға мамыр айынан бастап жіберіле бастайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, ҚР Салық кодексінің 55-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес банк ұйымдары кәсіпкерлік қызметтен табыс алу белгілері анықталған жағдайда жеке тұлғаның банк шотына басқа жеке тұлғалардан түскен ақша қаражатының жиынтық сомасы туралы мәліметтерді ұсынады.

Мұндай мәліметтер Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №698 бұйрығымен бекітілген критерийлер бір мезгілде орындалған кезде ғана беріледі.

Олар қандай белгілер:

  • шотыңызға 100 адамнан көп ақша түссе,
  • ол үш ай қатарынан қайталанса,
  • жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса (1 020 000 теңге), банктер бұл туралы мәліметтерді кірістер органдарына жолдайды.

Яғни осы үш критерий де сақталса, онда азамат салық органының бақылауына ілінеді. Ал мобильді аударымдар жеке мақсаттарға арналған болса, олар салыққа жатпайды. Бұл туысқандар, әріптестер арасындағы аударымдар тексерілуге жатпайды деген сөз