Жарияланды: 20

Маңғыстау облысы мектептерді компьютермен қамтамасыз етуге 300 млн теңге жұмсамақ

Маңғыстау облысы мектептерді компьютермен қамтамасыз етуге 300 млн теңге жұмсамақ

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға 1 580 жаңа компьютер сатып алынады.

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен өткен жиналыста облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Маңғыстау әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда өңірдегі мектептерде 6 200 компьютер бар. Оның 694-і ескірген. Олар жаңартуды талап етеді. Орташа есеппен алғанда мектептегі бір компьютерді 13 оқушы пайдаланады екен. Бұл мәселені шешу үшін 2018 жылы жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлу қарастырылуда.

Сонымен қатар жиналыста өңірдегі білім беру саласын цифрландыру мәселесі де қаралды. Зейнеп Тастемірованың айтуынша, қазіргі таңда облыстағы барлық мектеп интернетке қосылған. Алайда жоғары жылдамдықтағы интернетпен 124 білім ордасы (92,5%) қамтамасыз етілген.

Бүгінде өңірдегі мектептерді 100% жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс 2018 жылдың мамыр айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар өңірдегі білім ордаларының 75%-інде Wi-Fi орнатылыпты.

«Қазіргі таңда балалаларды автоматты түрде мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұрғызатын ІЕ-Faсtory компаниясының жүйесін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар облыстағы барлық мектепте «mmektep.edu.kz» электронды жүйесі енгізілді. Аталған жүйе интернетке қосылған. Ол азаматтарға қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өңірдегі 27 білім ордасына электронды журналды енгізу үшін пилоттық жоба іске қосылды», - дейді облыс білім басқармасының басшысы.

Сондай-ақ Зейнеп Тастемірова өңірдегі мектептерде «робототехника» үйірмесі ашылып жатқанын атап өтті.

«Робототехника» элективті курсы енгізілуде. Бүгінгі таңда 33 білім ордасында арнайы кабинеттер ашылып, робототехника үйірмесі жұмыс істеуде. Аталған үйірмені ашуға 2016 жылы 2 млн 466 мың теңге, 2017 жылы 23 мектепті ашуға 3 млн 913 мың теңге бөлінді», - деп түйіндеді сөзін ол.

Оқи отырыңыз:

«Мұның бәрі жалған қойылым» - Қазақстандықтар неліктен атышулы «Қалаулымның» жабылғанын қалайды

Қарағандыда ақша айырбастау пункті тоналды

«Келін» деп алғандары атақты жезөкше болып шықты

 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть