Жарияланды: 590

Маңғыстау облысынан ҚР сенатына депутаттыққа кандидат ретінде Шелпеков тіркелді

ҚР парламентінің сенатына депутаттыққа Маңғыстау облысынан кандидат ретінде Бақтыбай Шелпеков тіркелді, деп хабарлайды бейсенбі күні Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі,

«22 маусымда Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңының 73 бабына сәйкес ҚР парламенті сенатының депутаттығына кандидат ретінде Шелпеков Бақтыбай Ақбердіұлын тіркеді», - делінген ақпаратта. 52 жастағы Б. Шелпеков - Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» ХДП-сының мүшесі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін