Маңғыстау облысында 2003-жылдың мамыр айында тау-кендік кәсіпорындардың кірісі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 50 процент артты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 2003-жылдың мамыр айында тау-кендік кәсіпорындардың кірісі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 50 процент артты

Маңғыстау облысында 2003-жылдың мамыр айында тау-кендік кәсіпорындардың кірісі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 50 процент артты

Маңғыстау облысында 2003-жылдың мамыр айында тау-кендік кәсіпорындардың кірісі өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 1,9 млрд. теңгеге немесе шамамен 50 процентке артты. Бұл туралы облыстық статистикалық басқарма бастығы Галина Иванова KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 494
Фото - Caravan.kz

2002-жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі кіріс мөлшері де 13,9 млн. теңгелік шығын деңгейінен 43,1 млн. теңгелік кіріске дейін ұлғайды. Ал, электр қуаты, газ және су өндіру және тарату саласында шығын көлемі 39 млн. теңгеден 6,6 млрд. теңгеге дейін артты. Осы мерзімде көлік және байланыс кәсіпорындарының кірісі 30 есе, ауылшауашылығындағы кіріс 10 есе, құрылыс және қозғалыссыз мүлік саласындағы операциялардан түсетін кіріс тиісінше 2 және 1,5 есе артты.

2003-жылғы мамырға арналған оперативті мәліметтерге облыстағы 41 ірі және 97 орташа кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсеткіштері қамтылып, олардың қаржылық жалпылама көрсеткіші 0,1 млрд. теңге көлеміндегі кірісті құрады. 2002-жылдың мамырында бұл көрсеткіш 4,5 млрд. теңгені құраған болатын. Тұтастай алғанда мамыр айында есеп берген кәсіпорындардың рентабельділік деңгейі 0,8%-ті құрады.
Есепті мерзімде электр қуаты, газ және су өндіру және тарату саласындағы шығын көлемі 6,6 млрд. теңгені құрады. Бұл тау-кендік кәсіпорындардың кірісінен де артық мөлшер (6 млрд. теңге) . Жалпы алғанда сала бойынша кәсіпорындар шығыны 561,9 млн. теңгені құрады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың іс-қызметінің қаржылық нәтижесін аумақтық тұрғыдан алып қарағанда, Ақтау кәсіпорындары (шығын-2,8 млрд. теңге) мен Маңғыстау және Қарақия аудандық (тиісінше 1,2 млн. және 86 мың теңге шығын) кәсіпорындарынан басқа барлық аудандарда оң көрсеткіш тіркелді.
Ең жоғары кіріс көрсеткіші Жаңаөзен қаласының үлесінде — 2,9 млрд. теңге.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында есеп берген субьектілердің 34,1 проценті
(47 бірлік) 7293,5 млн. теңге шығынға ұшырады.
Шығынды субьектілердің 85,1%-і жеке меншік шаруашылықтар болса, 10,6%-і мемлекеттік, 4,3%-і шетелдік мемлекеттердің меншігіндегі кәсіпорындар.
Шетелдік мемлекеттердің меншігіндегі кәсіпорындардың тең жартысы өткен айда 324,6 млн. теңгенің шығынына ұшырады.
Биылғы жылдың мамырында шығынның басым бөлігі экономиканың өнеркәсіп саласында байқалып, 19 кәсіпорындағы шығын көлемі 7186,6 млн. теңгені құрады. Оның 94,7%-і немесе 6802,9 млн. теңгесі электр қуаты, газ және су өндіру және тарату саласындағы кәсіпорындардың үлесіне тиді.

Соңғы жаңалықтар