«Маңғыстау облысының кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасы мен «Әуежай-Ақтау» кедендік постының қызметкерлері Ақтау — Фужейрах бағытындағы рейске тіркеу жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталған, ол декларацияда өтірік ақпарат көрсетіп, кедендік бақылаудан жасыру жолымен Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан шетелдік валюта алып өткен»,- деп хабарлады М. Ақмұратов.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта аталмыш дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті