Маңғыстау облысында 7 айлық нормадан артық жаңбыр жауды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында 7 айлық нормадан артық жаңбыр жауды

Маңғыстау облысында 7 айлық нормадан артық жаңбыр жауды

Маңғыстау облысында жеті айлық нормадан көп жаңбыр жауды. Желіде Ақтау және Фарт-Шевчонко көшелерін су басқаны түсірілген видеолар жарияланды.

  • 6 Тамыз 2020
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға байланысты, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" РМК 2020 жылғы 5-6 тамызда Маңғыстау облысында найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауғаны байқалғанын хабарлайды.

"Тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері: 2020 жылғы 5 тамызда Форт-Шевченко метеостанциясында – 23 миллиметр, бір айдағы норма 7 миллиметр. 6 тамызға қараған түні Ақтау қаласының өзінде найзағай ойнап, қатты нөсерлі жаңбыр байқалып, 66 мм жауын-шашын мөлшері түсті, бір айдағы норма 6 миллиметр", — деп мәлімдеді синоптиктер.


"Қазгидромет" РМК 6 тамызға Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы бойынша күтілетін мол жауын-шашын, найзағай және дауылды жел жөнінде алдын ала дауылды ескерту шығарды және таратты.

Соңғы жаңалықтар