«Бірлескен рейд шараларын жүргізу кезінде «Тәжен» және «Бейнеу» кеден бекеттерінің қызметкерлері Бейнеу ауданының 4-разъезінің маңында мемлекеттік шекарадан 80 шақырым жерде шекарадан заңсыз өткізілген көкөніс тиеген екі жүк көлігін қамауға алды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Тауар иесі Қазақстан азаматының айтуынша, тәркіленген тауардың жалпы салмағы 20 — 25 тоннаны құрайды. Ал құны шамамен 1,5 млн теңге.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті