Маңғыстау облысында көлік апатынан 1 адам қаза болды, 3 адам ауыр жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында көлік апатынан 1 адам қаза болды, 3 адам ауыр жарақат алды

Маңғыстау облысында көлік апатынан 1 адам қаза болды, 3 адам ауыр жарақат алды

Маңғыстау облысында «Маңғыстау-3» және «Маңғыстау-4» кенттерінің аралығында бір сағат бұрын ірі көлік апаты орын алып, салдарынан бір адам қаза тапты, үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ЛАДА.kz .

  • 16 Маусым 2014
  • 401
Фото - Caravan.kz


Алдын ала мәліметтер бойынша, 25-30 жас аралығында 4 жігіт отырған «Лада Приора» көлігі жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, жүк көлігімен қақтығысты.

«Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің жүргізушісі сол жерде жан тапсырды, ал қалған 3 жолаушы қысылған темірдің астында қалды», — дейді жол-патрульдік қызметтің өкілі.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері, жігіттердің әр жерден қолдары мен аяқтары сынған дейді. Олардың біреуі ес-түссіз жатыр.

Қазір ол жерде тергеушілер жұмыс істеуде. ЖКО себептері анықталуда.