Жарияланды: 790

Маңғыстау облысында мәслихат депутаттығына 253 кандидаттың аты ұсынылды

20-шілдеде облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға кандидаттардың атын ұсыну мерзімі аяқталды. Алдын-ала мәлімет бойынша, облыста 253 үміткердің аты ұсынылған. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ғани Қарин баспасөз мәслихатында ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Атап айтсақ, облыстық мәслихаттағы 25 орынға 79 кандидаттың, Ақтау мәслихатындағы 17 орынға 55 кандидаттың, Жаңаөзен қалалық мәслихатындағы 13 орынға 24 кандидаттың, Бейнеу аудандық мәслиханының 12 орнына 33 кандидаттың, Қарақия аудандық мәслихаттағы 12 орынға 29 кандидаттың, Маңғыстау аудандық мәслихаттағы 12 орынға 18 кандидаттың, Түпқараған аудандық мәслихаттағы 11 орынға 15 кандидаттың аты ұсынылған . 253 кандидаттың арасындағы 183 адам сайлауға өзін-өзі ұсынып отырса, 70 кандидат әділет мекемелерінде тіркелген қоғамдық бірлестіктерден ұсынылды. Соның ішінде Отан партиясынан 56, Азаматтық партиядан 5, грарлық партиядан 2, кәсіподақ ұйымдарынан 4, басқа да қоғамдық ұйымдардан 4 кандидат ұсынылып отыр. Облыста барлығы жеті мәслихатқа 102 депутат сайлануы тиіс. Осындағы 4 сайлау округінің әрқайсысында 6 кандидаттан, ал 30 округте бір кандидаттан тіркелді. Маңғыстау облысы бойынша облыстық мәслихатқа сайлау жөніндегі 25 сайлау округі, Ақтау қалалық мәслихатына сайлау жөніндегі 17 сайлау округі бар. Облыстық мәслихаттың 25 депутаты арасынан 20-сы сайлауға екінші қайта кандидатурасын ұсынды. Облыстық мәслихат депутаттығынан әрбір үміткерге сайлау алдындағы үгіт-насихат шараларына 86 мың 835 теңгеден, ал қалалық және аудандық мәслихаттарға 56 мың 890 теңгеден қаржы бөлінді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть