Маңғыстау облысында «МЭБК» АҚ 27 млрд теңгеге электр тарату желілерін жаңғыртады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында «МЭБК» АҚ 27 млрд теңгеге электр тарату желілерін жаңғыртады

Маңғыстау облысында «МЭБК» АҚ 27 млрд теңгеге электр тарату желілерін жаңғыртады

 «МЭБК» АҚ 5 жылда сомасы 27 млрд теңге болатын инвестициялық жобаларды жүзеге асырады. Бұл туралы компания өкілдері айтты.

  • 20 Мамыр 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz


«Облыстағы барлық 57 қосалқы стансаны жаңғырту, бір жаңа стансаны салу, сонымен қатар жаңа ұзындығы 467 шақырым электр тарату желілерін салу жоспарланып отыр. 2015-2019 жылдардағы жалпы инвестициялардың көлемі 27,2 млрд теңге», — деді «МЭБК» АҚ басқарма төрағасының қолданыс бойынша орынбасары — бас инженері Жақсылық Сағымбеков. 

Оның сөзіне қарағанда, жобаны жүзеге асыру шығындар мен электрқондырғылардың тозуын азайтады, электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады, компанияның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады. Қазір желілердің тозуы шамамен 77% құрайды, трансформаторлық қосалқы стансалар мен қосалқы стансалардың тозуы 67% құрайды. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырған соң желілер бойынша тозу көрсеткіші 58%-ға дейін, ал электр жабдықтары шағын стансалары бойынша 67% пайыздан 36%-ға дейін азаяды. 

Тозған жабдықтар электр қондырғыларын өндіретін әлемдегі жетекші компаниялардың — Alstom, Siemens, ABB және Таврида-Электриктің жабдықтарына ауыстырылады. Компания бұл мақсатқа өз қаржысын жұмсайды және бір бөлігін қарызға алмақ. 

Жиында компания 220кВ Актау-Жаңаөзен электр тарату желілері, «Ақтау-Қаражамбас» жоғары вольтті желісі сынды ірі инвестжобаларды жүзеге асырып жатқаны айтылды. Жобалардың құны — 15,6 млрд теңге.