Маңғыстау облысында құны 582,2 млн тенге тұратын бекіре фермасы жұмыс істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында құны 582,2 млн тенге тұратын бекіре фермасы жұмыс істей бастады

Маңғыстау облысында құны 582,2 млн тенге тұратын бекіре фермасы жұмыс істей бастады

"НПП "Kazakh Osseter" ЖШС бекіре фермасы Маңғыстау облысының Ақшұқыр елдімекенінде жұмыс істей бастады.

  • 8 Шiлде 2014
  • 1075
Фото - Caravan.kz

Ферманың жобалық қуаты – жылына 60 тоннаға дейін бекіре етін өндіру, деп хабарлады кәсіпорын басшысының орынбасары Тұрсынгүл Жақыпова.

"Қазір бізде бекіренің салмағы бір килодан сәл асады. Оны сатпас бұрын біз бекіре салмағын 2,2-2,3 килоға дейін өсіруіміз керек. Шабақтар «Орал бекіре» Атырау балық зауытынан әкелінді. Маңғыстаудың алғашқы бекіресі дүкен сөресіне түскенге дейін екі жылдай уақыт өтеді. Ақсерке жылдам өседі – бір жарым жыл керек. Сібір бекіресі биылғы жылдың аяғында біраз бой алады. Бізде тапсырыс берушілер де бар – балық дүкендері мен ресторандар»,- деді ол.

Т.Жақыпова атап айтқандай, ақсеркені сумен қамтамасыз етудің жабық жүйесі қолданылатын бассейнде өсіретін бұл ферма – Қазақстан бойынша жалғыз ферма.


«Жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын бұл жобаның құны – 582,2 млн теңгені құрайды.

Ферма басшылығы төрт жылдан кейін-ақ бұл өндіріс өзін-өзі толық ақтап, табыс әкеле бастайды деп отыр. Бекіренің болжамды бөлшек-сауда бағасы – килосы 1500 теңге.