Маңғыстау облысында шенеунік пара алғаны үшін тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында шенеунік пара алғаны үшін тұтқындалды

Маңғыстау облысында шенеунік пара алғаны үшін тұтқындалды

Маңғыстау облысында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы 1 миллион теңге көлемінде пара алу барысында қолға түсті. Бұл туралы 24.kz жазады.

  • 3 Шiлде 2014
  • 392
Фото - Caravan.kz

Шенеунік өңірдегі «Қошқар ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жобасын мақұлдап, құжатқа қол қою үшін кәсіпкерден осыншама қаражат талап еткен. Оңай олжаға кенелгісі келген парақорды қаржы полицейлері пәтерінің алдында ұстады. Енді күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденсе, өмірінің біраз жылын темірторда өткізуі мүмкін.

Нұргүл Мұқатай, облыстық қаржы полициясының баспасөз хатшысы:

— «Маңғыстау облысынының табиғи ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ бөлім бастығына қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда сот санкциясымен ол қамауда.