Жарияланды: 560

Маңғыстау облысында теңіз металл конструкцияларының өндірісі іске қосылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жобаларына арналған телекөпір барысында теңіз металл конструкцияларының өндірісі жобасын іске қосты.

«Мен ел үшін маңызды зауытты іске қосуға рұқсат беремін, енді бұрғылау мен мұнай өндіру үшін қажет жабдықтарды өзіміз шығарамыз. Барлығыңызды құттықтаймын!» - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні жобаны іске қосу барысында. Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) мәліметтеріне сәйкес, жобаның құны - Т11,55 млрд, қуаты – жылына 10 мың тонна. «Өнімнің ассортименті итальяндық «Розетти Марино» компаниясының өнім түрлеріне сәйкес келеді және қазақстандық өндірісте баламасы жоқ. 1-ші кезегі іске қосылғанда кешеннің қуаты жылына 10 мың тонна металл конструкцияларын құрап, 1 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Сатып алулардағы қазақстандық мазмұнның үлесі 50% құрайды», - делінген таратылған материалдарда. Сондай-ақ, президент Қарағанды облысындағы 3 га аумақты алатын жылыжай кешенінің жұмысы қалай басталғанын көрді. Баспасөз мәлімдемесінде айтылғандай, көкөніс дақылдарын жыл бойы өсіруге арнадған заманауи жылыжай кешені жылына 1700 тонна өнім беретін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін