26, 27 және 30 жастағы 3 әйел Маңғыстауға осыдан 2 жыл бұрын келген. Әр жерден нәпақа тауып жүрген олар 2 ай бұрын саунаға еден жуушы мен бөлме тазалаушылар керек деген соң барыпты. Алайда әкімшісі олардың құжаттарын тіркеймін деп тартып алып, өздерін жезөкшелікке салып қойған. Телефондарын да бермей, шағымдансаңдар жазаланасыңдар деп қоқан-лоққы көрсетіпті. Тіпті қыздардың бірінің аяғы ауыр болса да, жеңгетай оны жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұған шыдамаған біреуі жын-ойнақ ордасынан амалын тауып қашып шығып, полицияға арыз жазды.