Маңғыстау облысында жол апатынан 5 адам, соның ішінде жеті жасар бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жол апатынан 5 адам, соның ішінде жеті жасар бала қаза тапты

Маңғыстау облысында жол апатынан 5 адам, соның ішінде жеті жасар бала қаза тапты

Астана. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысында жол апатынан 5 адам, соның ішінде жеті жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Қараша 2007
  • 389
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметтеріне сәйкес, 7 қарашада Таушық-Шетпе тас жолының 18 шақырымында «УАЗ-3962» және «Мицубиси» көліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан көлік жанып кетті.

«Мицубиси»автокөлігінде жүргізуші мен оның үш жолаушысы өртеніп кетті. Олардың аты-жөні анықталуда. «УАЗ-3962» көлігінде отырған жеті жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен 15 жасар бала ауруханаға жатқызылды.

«Өртті ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметі апаттан 3 сағаттан кейін 7 адам мен 1 техниканың күшімен сөндірді», — деп түсіндіреді баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті