Маңғыстау облысындағы химиялық кешен өз өнімдерін Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі мен Лисаковск кен байыту комбинатына сататын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысындағы химиялық кешен өз өнімдерін Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі мен Лисаковск кен байыту комбинатына сататын болды

Маңғыстау облысындағы химиялық кешен өз өнімдерін Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі мен Лисаковск кен байыту комбинатына сататын болды

"Ақтал ЛТД" ЖШС химиялық кешенін салалық бөлімшесі ретінде өзіне біріктірген "Қазфосфат" ЖШС-нің басшылығы 2004-жылы 30 мың тонна аммиак селитрасы мен 15 мың тонна нитроаммофосты Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі мен Лисаковск кен байыту комбинатына сату туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Асқар Қасабеков хабарлады.

  • 20 Сәуiр 2004
  • 1392
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «егер зауыттың өндірістік қуаты ай сайын 30 мың тонна аммиак селитрасы мен 15 мың тонна нитроаммофос өндіруге жетсе, ондай жағдайда зауыт барлық берешектерінен құтыла алады». «Қазіргі жағдаймен зауыттың қуаты өзіндік құнды да өтей алмай отыр, ал өндірістік қуат мөлшері арттырылған жағдайда зауыттың келешегінен үміт күтуге болады»,- деді әкімнің орынбасары.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Ақтал ЛТД» ЖШС өндірісті қуатпен қамтамасыз ететін «МАЭК-Қазақатомөнеркәсібі» ЖШС-не 150 млн. теңге берешек болып қалған. Сондай-ақ, бюджет және қызметкерлерге жалақы берешегі де жетерлік.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанында «Ақтал ЛТД» ЖШС химиялық кешені зауыттарында моногидрат түріндегі 4 мың тонна күкірт қышқылы, 9,9 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндірілді.
«Қазфосфат» ЖШС «Ақтал ЛТД» ЖШС-ін 2002-жылдың ақпан айында сатып алған. Химиялық кешен құрамына азот, күкірт қышқылы және химиялық-гидрометаллургиялық зауыттар қамтылады.
2003-жылы «Ақтал ЛТД» ЖШС-іне 12 млн. доллар көлемінде инвестиция салынды. Ал 2004-жылы химиялық кешенге 10 млн. доллар инвестиция салынады, оның 2,5 млн. доллары негізгі құралдарға арналмақшы.

Соңғы жаңалықтар