Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзен қаласындағы қайта жаңартылған бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзен қаласындағы қайта жаңартылған бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты

Маңғыстау облысының әкімі Жаңаөзен қаласындағы қайта жаңартылған бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты

Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетов өткен жұмада жұмыс бабындағы сапармен Жаңаөзен қаласында болып, осындағы қайта жаңартылған бірқатар әлеуметтік нысандардың ашылуына қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Сәуiр 2004
  • 566
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, Б.Палымбетов бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жөндеу нәтижесінде ашылған 120 балаға арналған балалар үйінің 2-ші корпусында болды.

Облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 30,3 млн. теңге бөлінген. Балалар үйіне арналған жабдықтар мен жиҺазды «Өзенмұнайгаз» ААҚ бөлген.
Облыс әкімі сондай-ақ, №3 орта мектептің бастауыш сыныптарға арнап салынған қосалқы ғимаратында, көзі көрмейтін балаларға арналған сауықтыру орталығында болды. Облыстық бюджеттен бұл мақсатқа 37,9 млн. теңге бөлінген. Орталық 60 балаға арналған. Қазіргі жағдаймен, орталықта 40 мүгедек бала сауықтыру шарасынан өтуде. Б.Палымбетов балаларға «Газель» автокөлігін сыйға тартты.
Сапар барысында облыс әкімі реконструкциялауға 16,4 млн. теңге жұмсалған қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында, қалалық балалар емханасында және қайта жөндеуге 29,7 млн. теңге жұмсалған аурухана тәрізді денсаулық сақтау нысандарында болды.
Б.Палымбетов 400 орынға есептелген «Жалын» кинотеатрының ашылу салтанатына қатысты. Бұрынғы ғимаратты жөндеуге 31,2 млн. теңге жұмсалған. Кинотеатр қызметкерлерінің қажеттігіне арнап облыс әкімі «Жигули» автокөлігін тарту етті.
Облыс басшысы сондай-ақ, 850 балаға есептелген орта мектеп ғимаратының салыну барысымен танысты. Сметалық құны 457 млн. теңгені құрайтын бұл жоба құрылысы 2004-жылы басталған. Қазіргі жағдаймен қаржының 220 млн. теңгесі игерілді. Әкім сондай-ақ, Қызылсай ауылындағы спорттық стадионды аралап көрді. Оны жөндеуге 36,9 млн. теңге бөлінген.
Жалпы алғанда былтыр әлеуметтік маңызды нысандарды салу және жөндеуге облыстық бюджеттен 182,4 млн. теңге жұмсалды.
Әкім сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның «Өзен» кенішінде болып, ел ішінде өндірілген көшпелі бұрғылау қондырғыларының жұмысымен танысты.
Жаңаөзен қаласы 1968 жылы құрылған. Қала 51 мың гектар аумақты иемденіп жатыр. Тұрғындар саны 75,2 мың адамды құрайтын қала құрамында 9 ықшам аудан, 2 ауыл бар.