Жарияланды: 280

Маңғыстауда екпеден бас тартқан ата-аналар саны азаймай тұр

Маңғыстауда екпеден бас тартқан ата-аналар саны азаймай тұр

Қоғамдық денсаулық қорғау департаментіндегі бөлім басшысы Гүлзада Максимова екпеден адамдардың бас тарту себептерін түсіндіріп берді, деп жазады Lada.kz.

2016 жылы екпеден бас тартқан ата-аналар саны 1 116 адамға жетіпті. «Екпеден ең көп көп бас тартқандар биыл Ақтау қаласында тіркелді - 569 адам. Мұнайлы ауданында 180 баланың ата-анасы екпеге қарсылық білдірді. 1 092 адамның ішіндегі 514 ата-ана егу бағдарламасынан өздерінің жеке көзқарастарына сәйкес бас тартты. Діни нанымына байланысты 412 адам бас тартса, 141 адам екпеге сенімсіздік білдірген, ал 25 адам интернеттен алған ақпараты бойынша вакцинацияны қабылдамады», - деді Гүлзада Максимова. Оның айтуынша, 2018 жылдан бастап өңірде жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алатын үйлестіру кеңесі іске кіріседі. «Ашылатын орталықта ресбуликалық клиникалардан келген білікті мамандар жергілікті аллерголог, невропатолог сияқты мамандарды дайындайды. Болашақта олар эпидемиологтармен бірігіп, тұрғындарға екпе бағдарламасын насихаттайды», - деді Гүлзада Максимова. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда екпе мәселелеріне байланысты көпарналы «қауырт желі» іске қосылмақ. 8 800 070 0830 нөміріне қалалық немесе ұялы телефоннан тәулік бойы тегін хабарласуға болады. Тұрғындардың сауалдарына иммуннолог, эпидемиолог дәрігерлер жауап береді. Айта кетейік, діни көзқарастарына байланысты екпеден бас тартқандар саны бойынша Маңғыстау облысы елімізде үшінші орында.


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін