Жарияланды: 40

Маңғыстауда екпеден кейін есін жоғалтып алған бала әлі өзіне келмеді

Маңғыстауда екпеден кейін есін жоғалтып алған бала әлі өзіне келмеді

Маңғыстауда екпеден кейін есін жоғалтып алған баланың жағдайы әлі мәз емес.

Сондықтан да оның ауру белгілерінің себебін анықтау үшін Астанаға әкелмек деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Маңғыстау облысында 10 жасар баланың ауырып жатқанына бір жарым айдан асты. Ата-аналарының айтуынша, қызылшаға қарсы екпеден кейін-ақ баланың жағдайы нашарлай бастаған, деп жазды sn.kz

Бала облыстық балалар ауруханасында 29 қаңтардан 4 ақпанға дейін ем алған. Алайда, әлі күнге дейін оның бас ауруы қоймапты. Одан кейін эпилепсия диагнозы бойынша неврология бөлімінде жатқан.

«Қазір бала ем алып жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Жақын арада науқастың ауру себебі белгілі болады. Қазіргі уақытта балаға тек тыныштық керек», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дереккөз: Lada.kz

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін