Маңғыстауда кен орнындағы жарылыстан 3 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстауда кен орнындағы жарылыстан 3 адам көз жұмды

Маңғыстауда кен орнындағы жарылыстан 3 адам көз жұмды

Маңғыстау облысында төтенше жағдай! «Қарамандыбас» кен орнындағы жойқын жарылыстан 3 бірдей жұмысшы қаза тапты.

  • 12 Маусым 2014
  • 242
Фото - Caravan.kz


Кеніш «Өзенмұнайгаз» компаниясына тиесілі. Жаңаөзен қаласынан таяқ тастам жерде орналасқан. Күндіз бір топ жұмысшы жанарамай толы құтыға GPSқұрылғысын орнатып жатқанда, жойқын жарылыс болып, екі адам тірідей жанып кеткен. Тағы 2 қызметкер аса ауыр дене жарақаттарымен дереу ауруханаға жеткізілді. Алайда, денесін жүз пайыз күйік шалған жұмысшылардың бірі жансақтау бөлімінде көп ұзамай жантәсілім етті. Қазір арнайы комиссия оқиға орнын жан-жақты тексеріп жатыр.