Жарияланды: 990

Маңғыстауда тропикалық пальма ағаштары отырғызылды

Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласында тропикалық пальма ағаштары отырғызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қалаға барлығы 10 пальма әкелініп, оның тоғызы қаланың Ынтымақ алаңындағы облыс әкімшілігінің ғимараты алдында отырғызылды. Қалған бір пальма қаладан теңізге қарай түсе беріс жол бойында көктейтін болады. Әрбір ағаштық құны 50 мың теңге тұрады. Ақша қаланы көгалдандыруға арналған қаржыдан бөлінді. Ағаштарды жеткізу, отырғызу және күтіп-баптау жұмыстарын "Көктем" Республикалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны атқаруда. Қыс маусымында жылусүйгіш өсімдіктерді қымтап сақтау көзделген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть