Маңғыстау облысында қыз полицияға "Құлсары тұрғындары кепілге алынғанын" хабарлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.03
  • 480.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында қыз полицияға "Құлсары тұрғындары кепілге алынғанын" хабарлаған

Маңғыстау облысында қыз полицияға "Құлсары тұрғындары кепілге алынғанын" хабарлаған

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына су тасқыны аймағынан эвакуацияланған Құлсары тұрғындарын қонақүйлердің бірінде қарулы адамдар кепілге алып, ақшалай сыйақы талап етіп жатыр деген қоңырау түскен.

  • 15 Сәуiр
  • 23
Фото - Caravan.kz

Полиция жалған терроризмнің үш дерегін ашты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тексеру барысында бұл ақпарат жалған болып шықты. Облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қабылдаған шаралар нәтижесінде Бейнеу кентінде жалған қоңырау шалғаны үшін 22 жастағы қыз ұсталды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, оның бұған дейін автобуста ұялы телефон ұрлағаны анықталды. Ол қолды болған гаджеттен қоңырау шалған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бөтен мүлікті ұрлау және терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау деректері бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сол күні Ақтөбе полициясына ер адам ұялы телефоннан қоңырау шалып, Гришин көшесіндегі үйде бомба орнатылғаны туралы айтқан. Бұл факт те расталмады.

«Ақтөбе облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бұрын да осындай қылмыс үшін сотталған Ақтөбе тұрғынын мас күйінде ұстады. Оған қатысты терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды».

Жалған терроризмнің үшінші дерегі Алматыда тіркелген.

«Онда қаланың жеке компанияларының бірінің телефонына WhatsApp мессенджері арқылы ірі ақшалай сыйақы үшін сауда орталығынa бомба қою туралы ұсыныс келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ қызметкерлері Талдықорғанның 9 жасар тұрғынын анықтады. Ол интернет желісінде компанияның жарнамасын көріп, бұзақылық ниетпен осы хабарламаны жолдағаны анықталды».

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы баланы тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ІІМ Қылмыстық кодекстегі осы қылмыс үшін 5 мың АЕК (бұл 18 млн теңгеден астам) мөлшерінде айыппұл не болмаса бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру көзделетінін тағы да еске салады. Сондай-ақ, сот шешімі бойынша кінәлі ада

Соңғы жаңалықтар