Мәнізоров қамауға алынған кезде жарақат алуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
0 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәнізоров қамауға алынған кезде жарақат алуы мүмкін

Мәнізоров қамауға алынған кезде жарақат алуы мүмкін

Әлеуметтік желіде Алматы облысы әкімінің орынбасарына қатысты соттық-сараптама тағайындау жөніндегі сот қаулысы пайда болды.

  • 27 Қыркүйек 2019
  • 45
Фото - Caravan.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоровтың шынымен ұсталғанын растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол уақытша тергеу изоляторына қамалған, оған Қылмыстық Кодекстің қай бабы бойынша айып тағылып, қандай алдын-алу шарасы қолданылатындығы қазір қаралу үстінде.

Қандай жағдайда екені, әзірге белгісіз, Мәнізоровтың ұстау кезінде жарақат алуы мүмкін. Әлеуметтік желіде пайда болған сот-медициналық сараптама тағайындау туралы қаулыға қарасақ, онда мынандай мәселелер қарауға ұсынылған:

— Б.Манзоровтың қандай дене жарақаттары бар;

— денеге келтірілген залалдың мерзімін анықтау;


— дене жарақаты қалай пайда болған;

— денеге келтірілген залалдың пайда болу механизмі қандай;

— Б.Мәнізоровтың денсаулығына келтірілген зиян деңгейі қандай?

Бұл сараптамаларды анықтау Сот экспертизасы институтының Алматы қаласындағы филиалына тапсырылған.

Бұл мәселеге қатысты редакция ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке ресми сауал жолдады.

Мәнізоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне 12 шілдеде тағайындалған еді.

Оған дейін Мәнізоров 2008 жылдан бастап 2017 жылға дейін Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі болған.