Жарияланды: 540

Манхеттен соты Алматылық хакерді 4 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды

Bloomberg қаржылық жаңалықтар агенттігінің компьютерлік жүйесін бұзғаны, және аталмыш агенттіктің қожайыны- Нью-Йорк қаласының қазіргі мэрі Майкл Блумбергті бопсалауға әрекет жасағаны үшін Манхеттен соты Алматы қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей азаматы Олег Зезевті 4 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Бұл туралы KZ-today тілшісіне ВВС ақпараттарынан мәлім болды. Сондай-ақ, сот О.Зезевтің М.Блумбергке төлеуге тиіс өтемақысының көлемін 955 мың доллар деп белгіледі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хакерлер 2000-жылы Bloomberg қаржылық жаңалықтар агенттігінің Американдық қызметінің серверін бұзған болатын. Соның нәтижесінде компанияның негізін қалаушы Майкл Блумбергтің жеке басына қатысты құпия ақпаратты тауып алған О.Зезев пен Игорь Яримака егер 200 мың доллар төлемесең ақпаратты жариялаймыз деп М.Блумбергті бопсалаған көрінеді. Лондондағы Хилтон қонақ үйінде талап етілген ақшаны алу үстінде хакерлер қолға түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть