Мансап қуған кәрі қыздың әлегі
Кәрі қыздың әлегі! Жасы отыздан асқан қыз «отырып» қалмас үшін қандай айлаға барды? «Әйел қырық шырақты» телехикаясының ертеңгі шығарылымы осы тақырыпта өрбиді. |
-Ол туралы бәрін білесің ба?-Мама, маған керектісін бәрін білем! – Ой қызым қойшы! Сен дым да білмейсің! Кім ол Нұрлан деген? Немен айналысады? – Мама, ол да мен сияқты бизнесмен ғой!
Әлима – Алматыдағы аты дардай әуе компаниясында департамент басшысы. 32 жастағы қыз мансап қуып, талай жігіттің қолын қаққан екен. Десе де, директор болғанда сүйіктісін кезіктірген бикеш көп ұзамай күйеужігіттен көз жазып қалады. Алданып қалған ару араға полицейлерді салып, ақыры ғашығын табады. Ертең кешкі сағат 19:30-да «Әйел қырық шырақты» телехикаясын өткізіп алмаңыздар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін