Жарияланды: 50

Мақпал Исабекова ерлерді иісіне қарап таңдайды

Мақпал Исабекова ерлерді иісіне қарап таңдайды

Өз адамымда иісіне қарап танимын! Осылай деген Мақпал Исабекова жанкүйерлерін терең ойға батырды. Әнші желідегі кезекті жазбасын иіс сезгіштік қасиетіне арнады.

“Иіске келгенде өте сезгішпін. Иіссуды ұзақ таңдаймын. Егер иіс маған сай келмесе, түшкіре беремін. Бұл да бір идентификатор. Табиғи иіс сезгіштік қасиетім адамдарға да қатысты. Өз адамымды мен иісінен танимын. Тіпті, мен емес, ағзам анықтайды. Сырт көзге жабайылық не ерсі дүние болып көрінетін шығар, бірақ бұл шындық. Негізі өзім “аудиалмын” (авт. айналаны құлақпен қабылдайтын адамдар) деп есептейтінмін.

Өзім жақсы көретін, жақын адамдарды иіскегенді ұнатамын. Сізде мұндай “оғаш қылық” бар ма? Сіз үшін адам терісінің иісі қаншалықты маңызды (бұл жерде жасанды ароматизатор мен иіссуды айтып тұрған жоқпын), – деп бөлісті ол Instagram-дағы парақшасында.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть