Мақпал Исабекова шектен шыққан ерсі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақпал Исабекова шектен шыққан ерсі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады

Мақпал Исабекова шектен шыққан ерсі қылығы үшін халықтан кешірім сұрады

Мақпал Исабекова жуырда Гоаға барып су жаңа бейнебаян түсіріп қайтты. Әнші оны көктем айының алғашқы күні көрермендерге паш етпек. Мұным

  • 21 Ақпан 2017
  • 1454
Фото - Caravan.kz

Мақпал Исабекова жуырда Гоаға барып су жаңа бейнебаян түсіріп қайтты. Әнші оны көктем айының алғашқы күні көрермендерге паш етпек. Мұнымен қатар, ол өзінің ерсі қылықтарын еркелікке балап, халықтан кешірім сұрады.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Гоадан оралғаныма бір апта болмады. Ол жерге жаңа бейнебаян түсіруге бардық. Қазір монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші наурызда эфирге шығуы әбден мүмкін. Қазақ тіліндегі билеткізетін ән. Өйткені соңғы бір жылда жаңа әндер жазылды. Бірақ халыққа тарамады. Алдыңғы жылы Бішкекке барып, Мейірбек Атабековке ән жаздырдым. Бірге біраз уақыт жұмыс істедік. Ол да әлі дайын емес”, – дейді Мақпал Исабекова.

Үнді еліне барып күнге күйіп келген Исабекова Алматының ауа райына әлі де үйрене қоймаған секілді. Оған әншінің үстіндегі жеңіл киімдері мен аяқ киімі дәлел. 30 жастан асқан әнші анасының үнемі қасында болғанын қалайды екен.

“Менің әке-шешем басқа қалада тұрады. Бірақ менің үйіме жиі келеді. Олар келмеген жағдайда мен барып тұрамын. Мен Гоада болған кезде анам екі апта бойы менің үйімде болдым. Үлкен әпкемнің балалары менің қолымда тұрып жатыр. Анам соларға қарады. Кеткеніне екі-ақ күн болды. Сахнада өзімді қалай ұстасам, әке-шешемнің қасында да өзімді солай ұстаймын. Сахнада еркелейтін Мақпал әке-шешесіне де еркелейді. Халықтың кей кезде мені түсінбей қалатыны сол себепті шығар деп ойлаймын. Кейде еркелігім шектен шығып, өзіме көп еркіндік беріп қоятын секілдімін. Кешірім сұраймын”, – дейді әнші.


Соңғы жаңалықтар