"Мақпал жерлеуге қатыспады": Құралай Нұрқаділова әкесінің ақтық сапары туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мақпал жерлеуге қатыспады": Құралай Нұрқаділова әкесінің ақтық сапары туралы айтты

"Мақпал жерлеуге қатыспады": Құралай Нұрқаділова әкесінің ақтық сапары туралы айтты

Белгілі дизайнер, Құралай Нұрқаділова тағы да ел алдына шығып, ашық сұқбат берді. Бұл жолы отбасының ел білмейтін сырларының шетін шығарды.

  • 10 Қараша 2023
  • 16484
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bilgen durys бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Дизайнер қанша жыл өтсе де әкесі Заманбек Нұрқаділовтің екінші отбасымен қарым-қатынасы жақсармаған. 

“Мен әкеммен 15 жыл араласпадым, анам да оны көрген жоқ. Әкемнің қазасы әлі күнге дейін жұмбақ. “Жаңа Қазақстан” құрылмай шындық ашылмайды. Қазір әкеммен қызметтес болғандар тек өз нұсқаларын айтып жүр. Өлім себебі нақты айтылған жоқ”, – дейді дизайнер.

Ислам дінінде суицид жасаған адамның жаназасы шығарылмайды деген үкім бар. Бұл жағы қалай болды деген сұраққа дизайнер сәл күрсініп былай деді:

“Ол туралы имамдар ақылдасты. Киіз үйге кіріп, барлық жолдастары ақылдасқаны есімде. Шығарып салу рәсіміне де біраз қайраткер тұлғалар келді. Бір қызығы жерлеуіне анам екеуміз ғана бардық. Мақпал барған жоқ. айналамыз толған ер адамдар. Анам екеуімізге онымен қоштасуға басқаларға қарағанда көбірек уақыт берді. Әлі күнге дейін ол тақырыпта сөйлесу маған қиын. Қыз бала зиратқа ер адамсыз бармауы керек дегенді естідім. Бірақ мен әкемнің құлыптасының басында отырып жиі сырласамын”, – дейді Құралай Заманбекқызы. 

Айта кетейік, Құралайдың Мереймен араласқысы келетінін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар