Мақпал Жүнісова Гүлнұр Оразымбетованы қиянатқа барды деп айыптады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақпал Жүнісова Гүлнұр Оразымбетованы қиянатқа барды деп айыптады

Мақпал Жүнісова Гүлнұр Оразымбетованы қиянатқа барды деп айыптады

Әнші Мақпал Жүнісова әріптесі Гүлнұр Оразымбетоваға кінә тағып отыр. 

  • 4 Сәуiр 2017
  • 11639
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әнші Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Таңшолпан" бағдарламасының директоры Гүлнұр Оразымбетова ханым бүгін бастық екенін дәлелдеді. "Соқыр махаббат" киносына менің әнімнің алынғанын біле тұра, өзінің әнін монтаждап эфирден бергізуі тіптен ұят екен. Қалай бастық болдыңыз?" — деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Бұл жерде Мақпал Жүнісова "Соқыр махаббат" атты отандық фильмнің саундтрэгі туралы айтып отыр. Ал жазбаның астына оқырмандар Мақпал ханымға сабырлы болуды, Алланың өзі әркімге жазасын беретінін жазып жатты. Бірақ біршама уақыттан кейін әнші Инстаграмдағы жазбасын парақшасынан өшіріп тастады. 

Соңғы жаңалықтар