Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты

Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты

Мақтаарал ауданында енді Өргебас елдімекенін су басты. Бұл туралы облыс әкімдігі шұғыл мәлімет таратты.

  • 3 Мамыр 2020
  • 45
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгін таңғы 05.00-тен бастап 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің Өргебас елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы — 3 шақырым. Таңғы 8.00-де су Өргебас елді мекенінің 194 үйін басып қалды. Ауылдың 1451 тұрғыны эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ» делінген хабарламада.

Айта кетейік, төтенше жағдай қалыптасқан Мақтаарал ауданында су деңгейі төмендейтін түрі жоқ. Қайта су басқан ауылдар саны көбейіп барады. Бастапқыда төрт елдімекеннің халқы қауіпсіз жерге көшірілсе, түнде аудан орталығынан 12 мыңдай адам эвакуацияланған.


Соңғы жаңалықтар