Марғұлан Сейсембай ұсталған Мәсімов кәсібін тартып алғанын айтты (видео) - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марғұлан Сейсембай ұсталған Мәсімов кәсібін тартып алғанын айтты (видео)

Марғұлан Сейсембай ұсталған Мәсімов кәсібін тартып алғанын айтты (видео)

Қазақстандық бизнесмен, инвестор, меценат Марғұлан Сейсембай қырғыз телеарнасына сұхбат берген.

  • 14 Қаңтар 2022
  • 615
Фото - Caravan.kz

Телебағдарламада Сейсембай өзіне тиесілі кәсібін Мәсімовтің тартып алғанын айтқан.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экпресс К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз телеарнасындағы Максим Полетаев жүргізетін "Вечер трудового дня" бағдарламасына қазақстандық меценат, қоғам қайраткері Марғұлан Сейсембай қатысты. 40 минутқа жалғасқан онлайн сұхбатта Қазақстандағы жағдайға қатысты біраз мәселе көтерілді. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің жеке басына жасаған әрекеті де айтылды.

Жақында қамауға алынған Кәрім Мәсімов маған тиесілі банкті тартып алған болатын. Бұған дейін осы жайтқа қатысы бар адамның аты-жөнін айтпаған едім. Қазір ұсталды. Сол себепті зиян тигізгендердің есімін ашық айтып отырмын,


—дейді Марғұлан Сейсембай.

https://aitube.kz/video?id=7a00f5f9-89c7-4dc4-8fc0-fba1c85ae594

Сондай-ақ, ол дәл осы жағдайдың қалай болғанын, қашан және кімдердің қатысы барын бөлек жазба ретінде жариялайтынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынған болатын.

Соңғы жаңалықтар