Марк Дакаскос: Енді қазақ болғым келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Марк Дакаскос: Енді қазақ болғым келеді

Марк Дакаскос: Енді қазақ болғым келеді

Голливуд жұлдыздары Шығыс Қазақстан туралы деректі фильм түсіреді

  • 14 Ақпан 2018
  • 157
Фото - Caravan.kz

 Ол фильм әлемдік телеарналарға арналмақ, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен ғасырдың соңында атағы әлемге жайылған бірнеше Голливуд жұлдызы әуелі Өскемен қаласындағы мәдени нысандарды аралап, «Нұртау» демалыс базасына барады.

Одан кейін Марқакөлді көзбен көріп, Катонқарағай ауданындағы Рахман қайнарына ат басын тіремек. Берелдегі Патшалар жазығы, Жидебайдағы Абай-Шәкәрім мемориалды кешені, Қоңыр әулие үңгірі мен Ырғызбай мазары да Голливуд жұлдыздарының назарына ұсынылмақ. 

Түсірілім тобын қабылдаған облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ америкалық актерлерге Алтайдың аязы қайтқан кезде келгендерін айтты.

«Шығыс Қазақстан — елдің индустриалды орталығы. Біз бериллий мен тантал өнімінің әлем бойынша 25-30 пайызын өндіреміз. Сіздер ауа райы аяз қайтып, күн жылынған кезде келдіңіздер. Бізде тау да, өзен-көл де, ну орман да, шөл де бар. Сіздер Шығыс Қазақстанның төрт аймағында боласыздар. Көпұлтты еліміздің бай салт-дәстүрімен танысасыздар» — деді Даниал Ахметов. 

Өз кезегінде америкалық актерлер Қазақстаннан алған алғашқы әсерлерімен бөлісті. Ал қазақтың кино өнерімен біршама таныс Марк ДАКАСКОС осымен үшінші  қазақстандық жобаға қатысып отырғанын жеткізді.


«Қазақстанға алғаш келгенде жоңғар болдым. Енді қазақ болғым келеді. Мен бұл жердің табиғатына тамсанамын. Бұл елдің асханасы да ерекше. Қанша тамақ ішсең де, салмақ қоспай, қаз-қалпында жүре бересің» — деді Марк Дакаскос.

Голливудтық делегация Курчатов пен Риддерде де болып, өңірдің өндірістік әлеуетімен танысады. ШҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жоба дүниежүзінде қазақстандық брэндті қалыптастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар