"Марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып бүйту керек еді деп, масқаралауды көргенсіздік деп есептеймін" - Меруерт Түсіпбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 492.22
  • 529.38
0 °C
Алматы
2024 Жыл
7 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып бүйту керек еді деп, масқаралауды көргенсіздік деп есептеймін" - Меруерт Түсіпбаева

"Марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия-сырларын ақтарып бүйту керек еді деп, масқаралауды көргенсіздік деп есептеймін" - Меруерт Түсіпбаева

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева дүниеден өткен әртістердің құпиясын ашатын әріптестерін қатаң сынға алды.

  • 9 Қазан
  • 412
Stan.kz

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Пост жазуға , сұхбат беруге құлқым жоқ. Өтірік айтқым келмейді, шындық көпшілікке ұнамайды. Тыныштық керек, дегенмен , көптен бері осы ой мазалап жүр еді. Осы дүниеден өтіп кеткен танымал адамдар туралы, сұхбат беріп , ол марқұмдардың көрге өзімен алып кеткен құпия- сырларын ақтарып , сөйту керек еді, бүйту керек еді деп масқаралау — көргенсіздік негізі. Жақында осы тақырыпта бір үзінді көріп қалып , жағамды ұстап едім. Ойладым да қойдым , мұнысы несі ?! Мынау не деп оттап , лағып не айтып ?! Бәлкім , ол тірі кезінде сізге сеніп , жан- дүниесін ақтарған болар…..Енді?! “Өзі жоқтың — көзі жоқ “ деп, абыройын төгіп ,марқұмның бар сырын , дүйім жұртқа жария ету керек пе?! Құдай- ау, ол танымал адамның өзі кеткенімен , көзі кеткенімен артында бала- шағасы , ел- жұрты, жекжаты, көрермені қалды емес пе?! Иә, ол марқұм қайтып келіп , өсекшіні сілкілемес , жауапқа тартпас , сотқа бермес , бірақ , артында қалған ұрпағы , бұдан кейін , қалай өмір сүреді?! Елдің бетіне қалай қарайды?! Неге сонша қатыгез болдыңыздар , адамдар», — деп жазды әнші.