Бұл туралы өңірлік ІІМ МБ баспасөз қызметінен хабарланды.
Апат 22 тамызда кешке Урдома кентінде орын алды. ІІМ МБ өкілінің ақпаратынша, "Шевроле Спарк" жүргізушісі мас болғандықтан көлікті басқара алмай жолдың жиегінде жүріп бара жатқан бір топ баланы қағып кеткен. Салдарынан жеті адам ауруханаға жеткізілді.
Жүргізуші ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Ол бұл қылмысы үшін 4 жылға дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.