Мәсімов Семейдегі 1-ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығын тексерді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәсімов Семейдегі 1-ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығын тексерді

Мәсімов Семейдегі 1-ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығын тексерді

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов семейлік 1-ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығының сапасын тексерді, делінген Twitter-дегі жазбада.

  • 22 Маусым 2011
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Семей. 1-ші ЖЭО. Қайта жөндеу. Қысқа дайындығын тексердім», — деп жазыпты К. Мәсімов сәрсенбі күні Twitter-дегі жеке парағына.

«(Семейге — ҚазТАГ) сапары барысында ҚР премьер-министрі «Теплокоммунэнерго» МКК-сінің 1-ЖЭО-сында болды (жылу және электр қуатын өндіру). К. Мәсімов энергетикалық кешен кәсіпорындарының күз-қыс маусымына дайындық барысымен, соның ішінде, Семейді жылумен қамту жүйесін жаңарту және қайта жөндеу бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты», — деп хабарлайды премьердің сайты.

Ақпаратта атап көрсетілгендей, үкіметтің қаулысымен бекітілген Семейді әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында биыл республикалық бюджеттен жоспарды жүзеге асыруға және су жылытатын қазандықтың бірінші және екінші кезектерінің құрылысын аяқтауға Т7 млрд-тан аса қаржы бөлінді.

Бұрын хабарланғандай, былтырғы жылыту маусымында Семейдегі 1-ЖЭО-да 5 қаңтарда апат болды. 3 қазандықтың жұмысы тоқтатылды. 7 қаңтарда тағы 1 қазандық істен шықты. Қаланың сол жағалауында тұрғын үйлердегі температура +8-10 градустан аспады.

Премьер-министрдің тапсырмасымен индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау бастаған республикалық комиссия апаттың себебін тексерді. А. Рау себептердің бірі ретінде жылу орталығының жылыту маусымына дайындығы сапасының төмен болғанын атады.

Апаттан кейін Семейге жаңа әкім тағайындалды: «жылумен қамту нысандарын дайындау жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны, жылу көздерінің жұмысына тиісті бақылаудың болмағаны және апатты жағдайда шара қабылдамағаны үшін» қызметінен алынған Мейрамхат Айнабековтың орнына Айбек Кәрімов келді.

Соңғы жаңалықтар