Мәскеу көшелерінде "нәсілшілдікке ұрынба" деген билбордтар пайда болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу көшелерінде "нәсілшілдікке ұрынба" деген билбордтар пайда болады

Мәскеу көшелерінде "нәсілшілдікке ұрынба" деген билбордтар пайда болады

Мәскеу билігі "Нәсілшілдікке ұрынба" деген ұранмен нәсілшілдік пен ксенофобияға қарсы әлеуметтік жарнама жобасын жүзеге асыруға 2011 жылдың соңына дейін 9,5 млн рубль жұмсамақ, деп "Интерфакс" агенттігіне бүгін мэриядағы дереккөз мәлімдеді.

  • 11 Шiлде 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

Дереккөздің айтуынша, жобаның жүзеге асырылуына «Мәскеу ұлттар үйі» МБ жауапты. Мәскеу билігі нәсілшілдікке қарсы сыртқа ілінетін жарнама үшін сюжеттер әзірлеуге байқау жариялаған.

2011 жылдың соңына дейін Мәскеуде көлемі үште алты метрлік 20 шақты билборд орналастырылады. Сонымен қатар Мәскеуде ондаған жарық диодты паннода толеранттылық мазмұндағы бейнебаяндар тәулік бойы көрсетіледі.
Қаржының жартысы жарнамалық өнімдер, яғни баннерлер, А3 пішінді плакаттар, футболка мен кепкалар, мерекелік шарлар жасауға жіберіледі.
Сонымен қатар, нәсілшілдік пен ксенофобияға қарсы күреске арналған интернет портал құрылмақ.
Мұнымен қоса көптеген мәдени шаралар, білім, спорт, мгранттарды бейімдеу және басқа салаларда жобалар белгіленген.

Соңғы жаңалықтар