Бұл туралы «бүгін төтенше қызметтегі дереккөз мәлімдеді.
Оның мәліметі бойынша, төтенше жағдай салдарынан 162 адам зардап шеккен, оның ішінде 22 адам қайтыс болып, 129 адам ауруханаға түскен, 11 адамға амбулаторлық түрде дәрігерлік көмек көрсетілген.
Сондай-ақ мәскеулік метрода болған апат салдарынан алты шетел азаматы қайтыс болған. Оның екеуі Қытайдан келген. Бұл туралы қаланың төтенше қызметіндегі дереккөз мәлімдеді.
Оның айтуынша, мәйіттердің анықталғандары арасында 33 және 40 жастағы Қытайдың екі азаматы, 24 және 25 жастағы екі тәжік азаматы, 24 жастағы қырғыз азаматшасы, 46 жастағы Молдавия азаматшасы бар.
Сонымен қатар, Мәскеу түбіндегі Коломнаның 32 жастағы тұрғыны қайтыс болған.
Тағы бес адамның кім екені анықталмады, қалғандары мәскеуліктер.
Мәскеу метросында пойыздың апатқа ұшырауы кеше таңертеі «Парк Победы» және «Славянский бульвар» станциялары арасында орын алған.