Мәскеу метросында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу метросында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Мәскеу метросында қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Мәскеу метросында тағы төтенше оқиға! Бұл жолы жерасты жолында жолаушыға лық толы вагондар шойынжолдан шығып кеткен. Оқыс оқиға таңертең мәскеуліктердің барлығы жұмысқа асығып бара жатқан кезде «Славянский бульвар» станциясында болды. Жоғары жылдамдықпен жүйткіген метро техникалық ақау салдарынан бірден тоқтаған. Сол кезде вагон ішінде болған жолаушылар сығылысып қалыпты. Соңғы мәліметтер бойынша, 20 адам қаза тапқан. Жарақат алғандардың саны 161.

  • 16 Шiлде 2014
  • 241
Фото - Caravan.kz

Мәскеу метросындағы апат таңертеңгі қарбаласта болған. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан жерасты пойызы қуат көзінің азайғаны туралы дабыл белгісінен кейін бірден тоқтап, 3 вагон рельстен шығып кеткен. Сол кезде жайбарақат отырған жолаушылар сығылысып қалды.

Виктор Яцуценко, РФ ТЖМ басқарма бастығы:

-Алдын ала болжам бойынша 161 адам зардап шекті. Оның 118-і ауруханада ем алып жатыр. 20  адам қаза тапты.

Десе де, апат салдарынан қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін.Себебі, рельстен шығып бір-бірімен соқтығысқан вагондардың арасынан әлі де мәйіттер табылып жатыр. Қазір оқиға орнында жедел жәрдем қызметінің 60 бригадасы мен төтенше жағдайлар қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізуде.

— 
Қатты соққы болды. Жарық өшіп қалды. Айнала көк түтін боп кетті.

Көбісінің басы жарылып аяғы сынған. Сұмдық.

Қала билігі де қарап қалмады. Апат орына жеткен Мәскеудің басшысы Сергей Собянин қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, 1 миллион рубльден өтемақы төленетінін әрі қолдан келер көмектен аянып қалмайтынын жеткізді. Қазіргі уақытта Мәскеудің метросы қызметін уақытша тоқтатты. Ал жолаушыларды қала ішінде қосымша тағы 60 автобус тасымалдайтын болады. Айта кетейік, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі метро апатынан зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.