Мәскеу Reuters-тің Сириядағы адам шығыны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу Reuters-тің Сириядағы адам шығыны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Мәскеу Reuters-тің Сириядағы адам шығыны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Ресей Reuters агенттігінің Мәскеу Сирияда көп әскер жоғалтты деген хабарын жоққа шығарады.

  • 3 Тамыз 2017
  • 229
Фото - Caravan.kz

Ресейдің қорғаныс министрлігі жыл басынан бері Сирияда 10 сарбаз ғана қаза болды деп, Reuters-тің 2017 жылдың басынан бері Сирияда кемінде 40 ресейлік әскери қызметкер көз жұмған деген хабарын жоққа шығарды.

Reuters бұл зерттеу қайтыс болғандардың туыстары мен достарының куәлік етуі бойынша жүргізілді дейді. Сонымен бірге жергілікті шенеуніктер журналистерге Сирияда қаза тапқан сарбаздар жөнінде айтуға тыйым салған.

Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі Reuters агенттігінің таратқан хабары жалған дейді.

«Reuters Ресейдің Сирияда террористерді жою операциясының беделін барынша түсіруге тырысып жатыр», — деп мәлімдеді қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков.


Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекеттің Сирияда өз еркімен соғысып жатқан ресейлік еріктілерге еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.

«Егер Сирияда еріктілер қатарына не басқа да ресейлік азаматтар болса, олар мемлекет атынан барған жоқ, қорғаныс министрлініне де қатысы жоқ», — деді Дмитрий Песков.

Соңғы жаңалықтар